Сен менің гүлім едің бағымдағы Сен менің нұрым едің жанымдағы. Шіркін-ай қандай бақыт қиялдағы Аруым дәл қасымнан табылғаны! Сүйгенім шын Күйгенім шын Махаббат бағында билеу үшін. Барлығы шын Барлығы шын Сен мендік сезімнің тағдырысың. Байрағын махаббаттың құлатпаймын. Ақтарып өткеніңе кінә артпаймын. Тапсырсаң маған сеніп жүрегіңді Мөп-мөлдір жанарыңды жылатпаймын!